Қытайдың ішкі аудандарында А/H1N1 тұмауының 118 ауыр оқиғасы тіркелді
БЕЙЖІҢ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігінің қарашаның 2-дегі мәліметтері бойынша, елдің ішкі аудандарында (Сянган, Аомэнь және Тайваннан басқа жерлерде) А/H1N1 тұмауының 48 мың 748 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 118 оқиға - ауыр формада өтсе, 7 оқиға кісі өлімімен аяқталды.
Денсаулық сақтау министрі Чэнь Чжудың айтуынша, «А/H1N1 тұмауының таралу қарқынын төмендетуге және аурудың ауыр формалары мен кісі өлімімен аяқталу фактілерінің тәуекелдерін азайтуға тырысу керек». Чэнь Чжу сондай-ақ Қытайда жаңа тұмаумен ауыру маусымының жедел және тұрақты өсу кезеңі пайымдалғаннан ерте келгені туралы мамандардың пікірлерін келтірді. Мамандардың сөздеріне қарағанда, тұмау маусымы 2010 жылдың наурыз айынан ерте аяқталмайды.