Қытайдың Корла қаласы - Шыңжаңның басты көліктік торабы
ШЫҢЖАҢ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің Қытайдағы меншікті тілшісі ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының Баян-Гол-Моңғол автономды округіне (БМАО) барып, өңірдің экономикалық және мәдени тұрғыда қалай дамып келе жатқанын көріп қайтты.
Қазіргі уақытта БМАО аумағы бойынша Қытайдың ең үлкен әкімшілік ауданы болып саналады. Оның құрамына 46 этникалық топ, атап айтқанда моңғолдар, хандықтар, қазақтар және өзге де ұлттар тұрып жатқан сегіз округ енеді.
Аймақтың астанасы - Корла қаласы. Қытайда оны «Алмұрттар қаласы» деп те атайды. Осы өңірден алмұрттар шетелге, оның ішінде Қазақстанға да тасымалданады.
Географиялық орналасуының арқасында жергілікті билік қаланы Шыңжаңның басты көліктік торабына айналдырып, оны «Жібек жолының» экономикалық белдеуіне интеграциялауды көздеп отыр.

Аймақ мұнай, химия және өңдеу өнеркәсібі саласының арқасында айтарлықтай өсіп келеді. Көптеген кәсіпорындар мұнда сыртқы нарыққа шығуды, сонымен бірге Орталық Азия аймағындағы бірлескен жобаларға қаражат құюды көздейді.
Осы қатарлы компаниялардың бірі - «Jinsheng». Аталмыш компания Қазақстанға инвестиция салу нарығына зерттеу жүргізу мақсатында Астанада мамыр айнында кеңсе ашпақ.
Компания кеңесі төрағасының кеңесшісі Хонгту Вангтың айтуынша, қазақстандық нарықты зерттеу жұмысы жылдың соңына дейін аяқталып қалуы керек. Осыдан кейін Қазақстанның химия саласына қаншалықты қаржылық инвестиция құю керектігі айқындалады.
