Қытайдың Ляньюньган қаласында ірі порттың құрылысы басталды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайда Еуропа мен Азияны жалғайтын жаңа көліктік дәліздің маңызды бөлшегі болып табылатын Ляньюньгандағы терең сулы Сюйвэй портының құрылысы басталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
None
None

Аталмыш көлік дәлізі Орталық Азия елдері арқылы өтіп, Ауғанстан мен Иран елдерін басып Еуропаға дейін созылады.

Порт құрылысы инвестициялық жобасының жалпы құны 3 млрд. доллар. Теңіз кемежайы 2020 жылы 200 млн. тонна жүк қабылдап, су ығыстырымы 300 мың тоннаға дейін кемелерді қабылдайтын болады. Онда 74 шаршы шақырымдық үлкен көліктік-логистикалық торап пайда болады. Порт құрылысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қыркүйекте бастама ретінде көтерілген «Жібек Жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасы аясында жүргізілмек.

«Сюйвэй» порты трансконтинентальді көліктік дәліздің бастапқы нүктесі болады деп жоспарлануда. Аталмыш дәліз қытайлық Сиань мен Үрімші қалалары арқылы, Қазақстанның Достық қаласымен Ресей және Беларусь елдерін басып өтеді. Қытай тарапының жоспары бойынша, темір жол инфрақұрылымының дамуы негізінде дәліз Орталық Азия елдерінің бірқатар қалаларын, Иран және Ауғанстан елдерін де жалғайтын болады.

Айта кетейік, бұның алдында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Қытайдың Ляньюньган портында жаңа инфрақұрылымдық жобалар құрылысына қатысатындығын және аталмыш портта қазақстандық терминалдың құрылысын жүргізетіндігін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар