10:31, 31 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қытайдың машина жасау зауытында жарылыс болып, 17 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гуандун провинциясының Фошань қалалық округінде орналасқан машина жасау зауытында жарылыс болды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, 20 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
Куәгерлердің айтуынша, кәсіпорын аумағында бірінен соң бірі үш қатты дыбыс шығып, одан кейін қалың түтін шықты. Фабрика цехтарының бірінің шатыры құлады. Зардап шеккендер туралы әзірше хабарланған жоқ.
Оқиға орнына полицейлер мен медициналық қызметкерлер келіп жетті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері анықталу үстінде.