Қытайдың өнеркәсібі жылына 20 көлді «тауысады» екен

Соңғы 50 жылда ел бойынша көлдердің ауданы 9,5 мың шаршы метрге қысқарып, олардағы судың қоры 50 миллиардтан астам текшеметрге төмендеп кетті, дейді Нанкиндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары институтының қызметкері Чжан Юнчунь басылымға берген сұхбатында,
Бүгінде Қытайда 2,3 мыңдай көл бар және олардың әрқайсысының ауданы 1 шаршы шақырымнан асады. Егер суалу қарқыны қазіргі деңгейде сақталатын болса, Қытай 100 жылдан кейін көл-тоғансыз қалуы ықтимал, деп жазады басылым.
Мамандар экологияның бұл саласындағы негізгі проблемаларға: суды шамадан тыс тұтыну, егістіктер үшін су тоғандарын жасанды жолмен құрғату, сондай-ақ өзендердің жағасындағы ормандарды кесудің салдарынан сулардың таяздануы сияқты себептерді жатқызуда.