13:03, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Қытайдың оңтүстігінде 17 адам ауа-райының қолайсыздығынан құрбан болды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытай провинциясына жауған нөсер жаңбыр мен қатты жел 17 адамның қазасы мен 153 адамның жарақаттануына әкеліп соқтырды,
деп хабарлады РИА Жаңалықтар "Гуанчжоу жибао" жергілікті газетіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығынан 15 құрылыс, 1,1 мың гектар ауылшаруашылық егістіктері жойылған. Тікелей экономикалық зиян, алдын ала есептеу бойынша, шамамен 55 миллион юань (8,4 миллион доллар) құраған.
Жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсету мен апат соққыларының салдарын жою үшін барлық күштерін салуда.