Қытайдың оңтүстігінде болған су тасқынынан 175 адам қаза болды

БЕЙЖІҢ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың оңтүстігінде болған су тасқынынан 175 адам қаза болып, 107 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігінен.
None
None

Табиғаттың тосын мінезінен 25,15 млн. адам зардап шегіп, 1,36 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлері бүлінді. Қатты су ағынынан 144 мың үй бұзылды. Табиғат апаты орын алған аймақтан 1,71 млн. адам шығарылды.

Қытайдың жауапты ведомстволарының есебіне сүйенсек, табиғат апатынан келген экономикалық шығын қазіргі уақытта 29,7 млрд. юаньге (4,37 млрд. АҚШ доллары) жетті.

Кейбір провинцияларда соңғы 50 жылда алғаш рет болып отырған су тасқынына Қытайдың оңтүстігіндегі өзен-көлдердің жаңбыр суынан ернеуінен асып, тасуы себеп болып отыр.

Қытай премьері Вэнь Цзябао маусымның 19-20-сы күндері Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу қаласына инспекциялық сапар жасап, орын алған оқиғамен танысып, су тасқынымен күрестің тиімділігін арттыру жөнінде нұсқаулар берді.

Соңғы жаңалықтар