Қытайдың оңтүстігінде көпір опырылды, қаза тапқандар саны белгісіз

ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэюань қаласы Юаньчэн ауданында (Оңтүстік Қытай, Гуандун провинциясы) орналасқан Дунцзян көпірі учаскесінде 14 маусымда 02:12-де көпір опырылып, салдарынан кем дегенде екі жеңіл көлік суға құлады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытайдың оңтүстігінде көпір опырылды, қаза тапқандар саны белгісіз

Қазіргі уақытта бір адам құтқарылды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны белгісіз. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Өткен аптада толассыз жауған жаңбыр салдарынан Гуандун провинциясының бірқатар аудандарында су тасқыны болды. Солардың арасында Хэюань қаласы қатты зардап шекті.