Қытайдың оңтүстігінде нөсер жауыннан 27 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде қатты нөсер салдарынан 27 адам қаза тауып, екі адам із-түссіз кетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
None
None

Қытайдың алты провинциясында қатты нөсерден 3,4 млн. жергілікті тұрғын зардап шекті. Бүгін қытайлық Чунцинь мегаполисінде 200 мыңнан астам тұрғын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Қытайдың оңтүстігінде 9700 тұрғын үй су астында қалып, 55 мыңға жуық тұрғын үй зақымдалды, 20 мың гектар алаңдағы егін жойылды. Апаттың тікелей экономикалық шығыны 6,65 млрд. юаньды құрайды.

Соңғы жаңалықтар