Қытайдың оңтүстігінде топан судан милионнан астам адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі топан судан кем дегенде үш адам құрбан болды, 1,2 млн.-ға жуық адам зардап шекті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
ҚХР-дың азаматтық әкімшілік министрлігінен хабарлағандай, жергілікті биліктегілер 29 мың адамды көшіруге мәжбүр болды. Жауын-шашын Цзянси, Хунань, Гуандун, Гуйчжоу оңтүстік провинцияларында және Гуанси-Чжуанс автономиялық өлкесінде көп түскен.
Жауынның көп жаууына байланысты топан су 93,1 мың тектар жердегі егін даласына зиян келтірді. 1,5 мыңға жуық үй бұзылып, тағы 9,2 мыңы қирады.
Оңтүстік Қытайдың Шэньчжэнь қаласында соңғы бірнеше жылдағы болған қатты нөсерден жол бойында 2 мың машинаны су басып, 48 рейс кейінге қалдырылды.
Экономикаға келтірілген тікелей залалды биліктегілер 930 млрд. юаньға (151 млн. доллар) бағалап отыр.