Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісінен 40 мыңнан астам адам зардап шекті

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - 9 тамыз күні кешке Баошань қаласы аумағында магнитудасы 5,2 балдық жер сiлкiнісі тіркелді.

Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісінен 40 мыңнан астам адам зардап шекті

Алдын ала есеп бойынша, апаттан 30 болыс пен ауылдың 44,341 мың тұрғыны зардап шекті, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Кеше сағат 19:50-де Тэнчун уезi шекарасы мен Лунъян Баошань ауданында магнитудасы 5,2 балдық жер сiлкiнісі тіркелді. Жер асты дүмпуiнiң ошағы 11 шақырым тереңдiкте болған. Қазіргі уақытта барлық жарақат алған адамдар ауруханаға жатқызылды. Қауiпсiз аудандарға 441 адам көшірілді. Зілзаладан 22823 құрылыс зақымданды.