Қытайдың оңтүстігінде жыл басынан бері құс тұмауын 50 адам жұқтырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуандун провинциясында жыл басынан бері H7N9 құс тұмауын жұқтырудың 50 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады ТАСС.

Қытайдың оңтүстігінде жыл басынан бері құс тұмауын 50 адам жұқтырған

«Чжун Жибао» басылымы Қытайдың жаңа жылын тойлауы вирустың таралуына әсер етеді деп жазады. «Жаңа жылды тойлау кезінде Қытайда құс етін жейтіндер саны көп болады», - дейді қытайлық провинция әкімшілігінің өкілі.

Сондықтан да Гуандун провинциясының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сарапшы маманы Хэ Цзяньфэн билік өкілдеріне тірі құс етін сатуды қатаң бақылауға алу керектігін ескертті.