Қытайдың оңтүстігіндегі сел тасқыны құрбандарының саны 50 адамға жетті

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуандун провинциясында болған соңғы 200 жылдағы ең қатты нөсер ең аз дегенде 50 адамның өліміне әкеліп соқты, деп хабарлады "Чжунго синьвэнь" агенттігі.
None
None

«Фанапи» тайфуны Қытайдың оңтүстігіне алып келген нөсер жауын Гуандунда дүйсенбіден бері толастаған жоқ. Бұған дейінгі ақпараттарда 33 адамның қаза болғаны, тағы 42 адамның із-түзсіз жоғалғаны айтылған болатын. Ал соңғы мәліметтер бойынша, апат құрбандарының саны 50 адамға жеткен, тағы 30 адамның тағдыры белгісіз.

Табиғаттың тосын мінезінен аймақта 1 миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. Толық емес мәліметтер боынша, нөсер себеп болған лай көшкіндері 1,5 мыңдай үйді шайып әкеткен. Тікелей экономикалық шығын 2 миллиард юаньға (298,5 миллион доллар) бағаланған. Лай көшу қаупіне байланысты 80 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Соңғы жаңалықтар