Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайдың оңтүстігіне алапат Миринаэ тайфуны жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Миринаэ (Mirinae) тайфуны сейсенбі күні оңтүстікқытайлық Хайнань аралдағы провинциясына жетті. Осыған байланысты билік ескерту жариялады, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Қытайдың оңтүстігіне алапат Миринаэ тайфуны жетті

Тайфун сейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 22.20 Дунгао уезіне жетті. Алапат желдің жылдамдығы сағатына 100 километрге жетті.  

Дауыл алдында 25 мыңнан астам балық аулау шхуналары теңізден айлаққа оралғаны хабарланды. Сонымен қатар Хайнань мен Гуандун провинциясы арасындағы барлық жолаушылар кемелерінің қатынауы тоқтатылды.

Тайфун салдарынан Хайнань аралы, Лэйчжоу жартылай аралы,  Гуандун провинциясы мен Гуанси-Чжуан автономды ауданында қатты жел соғып,  нөсерлі жауын жауады.