Қытайдың оңтүстігіне метеорит құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік аумағына метеорит құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sina порталына сілтемемен.
Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясына түнгі уақытта шағын көлемдегі ғарыш денесі құлаған.
NASA-ның айтуынша, метеорит 4 қазанда жергілікті уақытпен сағат 20:07-де Юньнань провинциясы Шангри-Ла ауданының солтүстік батысынан 40 км жерге құлаған. Астероид 14.6 км/секунд жылдамдықпен атмосфераға еніп, жерге 37 км қалғанда 540 тонна ТНТ қуаттылықта жарылыс жасаған.
Қытайлық БАҚ-тардың айтуынша, оқиғадан жергілікті тұрғындар зардап шекпеген.