18:57, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
Қытайдың оңтүстік-батысында 60 үй жанып кетті, 120 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Цзяньхэ (қытайдың оңтүстік-батыс Гуйчжоу провинциясында) уезінде 60 үй өртеніп кетті, 120 адам зардап шеккені хабарланды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Өрт сенбі күні кешке орын алды. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар оқиға орнынан қаза болған адамдар табылукы мүмкін екенін айтады.
Пиротехниканы абайсыз пайдалану нұсқасы қаралуда. Қытайда ай күнтізбесі бойынша Чуньцзе жаңа жылы мерекеленуде. Мерекелік түнде және аптаның соңғы екі күні отшашулар атылады. Наным-сенім бойынша бұл жындарды қорқытатын барынша тиімді тәсіл болып табылады.