Қытайдың Оңтүстік-Батысында күшті бұршақ салдарынан 400-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайдың Оңтүстік Батысындағы Гуйчжоу провинциясында күшті бұршақ жаууына байланысты орталық өкімет орындарының пәрменмен апаттық жағдай режимі жарияланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Қытайдың Оңтүстік-Батысында күшті бұршақ салдарынан 400-ден астам адам зардап шекті

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, оның салдарынан бір адам қазаға ұшырап, 99-ы жарақат алған. Жүз мыңнан астам адамды көшіру немесе оларға басқалай көмек көрсету қажет.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұршақтың салдарынан 422 мыңға тарта адам зардап шеккен. 4 мыңнан астам тұрғын үйлер бүлініп, провинцияға келген тікелей экономикалық шығын 252 млн. юаньды (40 млн. АҚШ доллары) құраған. Жергілікті өкімет орындары зардап шеккендерге шатырлар, төсек-орын, киім жеткізуді ұйымдастыруда.

Апат аймағына ҚХР азаматтық әкімшілік министрлігінің қызметкерлері мен табиғи  апат салдарын жою мамандары аттанды.