Қытайдың оңтүстік-батысында күшті жер сілкінісі болды: 4 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақаттанды
БЕЙЖІҢ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Юньнань және Сычуань (Оңтүстік-Батыс Қытай) провинцияларында 5,7 балдық жер сілкінісінің салдарынан 4 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақаттанды, деп хабарлады Қытай билігі.
Жер сілкінісі жексенбі, 24 маусым күні Бейжің уақыты бойынша шамамен сағат 16:00-де қытайлық Юньнань және Сычуань провинцияларында болды. Зардап шеккендер мен жарақаттанғандар әсіресе, Юньнань провинциясында көп болды, сондай-ақ көптеген тұрғын үйлер мен ғимараттар қирады.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, оңтүстік-батыс провинциясында жарақат алған адамдардың саны - 102, олардың 20-сы ауыр халде жатыр.