Қытайдың сауда орталығындағы өрт кезінде 17 адам қаза тапты

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь (Гирин) қаласындағы сауда орталығындағы өрт салдарынан 17 адам қаза тапты,

Қытайдың сауда орталығындағы өрт кезінде 17 адам қаза тапты

деп хабарлады бүгін "Синьхуа" агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, бір адам із-түзсіз жоғалған деп саналып отыр және 28-і түрлі жарақаттар алды. Өрт сөндірушілерге жалынды ауыздықтау үшін жарты күн уақыт кетті, деп нақтылайды Agence France-Presse .

Өрт себептері әзірге анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сауда орталығының бас басқарушысы тергеу үшін ұсталды.

Қытайда адам өліміне алып келетін өрттер жиі орын алып тұрады, деп атап өтеді AFP. Олар қауіпсіздік шараларын өз дәрежесінде қадағаламаудың салдарынан орын алады.