Қытайдың Шэньчжоу-IX» ғарыш кемесі «Тяньгун-І» орбиталдық модулімен түйісті
АСТАНА: 19 маусым. ҚазАқпарат - Қытай елінің «Шэньчжоу-IX» ғарыш кемесі «Тяньгун-І» орбиталдық модулімен түйісті. Түйісу штаттық режімде өтті,
деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Қытайдың 3 азаматының ғарышта он күндей болуы көзделіп отыр. Олардың бірі - бұл ел тарихында тұңғыш рет ғарышқа ұшқан әйел Лю Ян. Ал «Тяньгун-І» ғарышқа 2011 жылғы 29 қыркүйекте шығарылған. Енді Қытай елі Айға адам аттандыруды жоспарлап отыр.