Қытайдың шығысында «құс тұмауынан» бір әйел қайтыс болды

БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Шаньдунь провинциясында «құс тұмауынан» тағы бір адамның өлімі тіркелді. Дәрігерлердің хабарлауынша, 27 жастағы келіншек ағымдағы айда H5N1 штамынан қайтыс болған екінші адам.
None
None
Бұл әйелдің сырқаты қаңтардың 5-інде тіркеліп, қаңтардың 17-сінде ол көз жұмған. Бұл Қытайда 2003 жылдан бері «құс тұмауынан» қайтыс болған 22-ші адам. Ал бүкіл әлемде бұл індеттен өткен бес жылдың ішінде 250-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Осы қаңтар айында Бейжіңде «құс тұмауынан» 19 жастағы бойжеткен қайтыс болған еді. Оған қоса, «құс тұмауы» вирусы 2 жасар баланың ағзасынан табылып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, Орталық Қытайдағы Хунань провинциясында тұратын 2 жасар қыз бала қаңтардың 7-сі күні ауырған, қазір ол ауыр жағдайда жатыр.
Соңғы жаңалықтар