Қытайдың Шыңжан өлкесінде жер сілкінді

БЕЙЖІҢ. 30 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 05:07-де ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінің солтүстік-батысында 6,6 баллдық күшпен жер сілкінді, деп хабарлады қытайдың сейсмологиялық қызметі.

Қытайдың Шыңжан өлкесінде жер сілкінді

Зілзаланың кіндігі Синьюань Іле-Қазақ автономиялық округі мен Хэцзин Баянгол-Моңғол автономиялық округтерінің арасында, таулы ауданда орналасты.

Жергілікті БАҚ-тың таратқан ақпаратына көз жүргіртсек, жерасты дүмпулері 20 милллион халқы бар Шыңжаңда, әсіресе Үрімші, Қарамай, Шихэцзы қалаларында байқалды.

Бірқатар аудандарда электр қуаты мен байланыстағы іркілістер орын алуды, жер қртысының ығысуы салдарынан кейбір тас жолдар жабылды. Жер сілкінісіне байланысты Шыңжаңға баратын 32 жолаушы автобусы мен жүк пойыздары тоқтатылды.

Жер сілкінісі орын алған ауданға құтқарушылар тобы жіберілді. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесіне қарағанда, әзірге жарақаттанған 10 адам туралы ақпарат бар, оның біреуі ауыр халде.

ҚХР ШҰАӨ Іле-Қазақ автономиялық ауданы Қазақстанның Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі.