Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан 140 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ.  Шілденің 7-сі.  ҚазАқпарат -  Қытай полициясы     Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік  орталығы - Үрімші  қаласында   болған жаппай тәртіпсіздіктің  белсенді қатысушыларын тұтқындауда.    Синьхуа агенттігінің   хабарлауынша,  қазіргі уақытта    бірнеше  жүздеген  адам     қамауға  алынды,    олардың   ішінде  тәртіпсіздікке  арандатқандар   бар, 
None
None

   деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

 Полиция сондай-ақ, жексенбі күні  түстен кейін қалада     басталған      жаппай   тәртіпсіздікке  қатысқан   90-ға жуық  «басқа  да белсенділерді»   іздестіруде.     Зорлық-зомбылық  акциясының салдарынан, ресми мәліметтер бойынша, 140  адам    қаза тапқан,   816 адам  жарақат  алған.

 Қазір  Үрімшіде  тәртіп «жартылай  қалпына келтірілді,  бірақ  жағдай  әлі де болса,  тұтанудың аз-ақ алдында  тұр».   Қала  көшелерін   Қарулы    халық полициясы  шолуда.   Бірқатар магистральдерде   көлік қозғалыстары  жанданды,  бірақ Яньао, Туаньцзе  көшелері, Шынжаң  университетінің    маңы   мен  қала маңындағы Нинсявань ауданындағы  жолдар   бұрынғысынша  жабық.   Онда    қоқыстар   жинастырылуда,     муниципальдық   жұмысшылар    өртенген көліктер  мен  автобустардың      қалдықтарын  жинастыруда.

 Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары    бұл тәртіпсіздіктің ұйымдастырылу жауапкершілігін     Ребия  Кадер бастаған  «Дүниежүзілік  ұйғырлар  конгресіне»  жүктеп  отыр.  Ребие Кадер    ханымды    Қытай  өкіметі 1999 жылы «ұлттық қауіпсіздікке  қауіп  төндірді»  деген  айыппен   тұтқындап,  2005 жылы  кепілдікпен босатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар