Қытайдың Сиань қаласында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ

БЕЙЖІҢ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Халық Республикасы Шэнси провинциясының Сиань қаласында болған жарылыста 7 адам қаза тауып, 31 адам жарақат алды.
None
None

Жергілікті билік таратқан мәліметтірге жүйгінсек, қалалық кеңселердің бірінде газ баллоны жарылған. Қаза тапқандардың кімдер екендігі анықталмады. Зардап шеккендер Сиань қаласының ауруханаларына жеткізілді.

Сиань қаласындағы «Ықпалдастық» қазақстандық халықаралық қорының өкілі Хэ Чэннің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан студенттері жоқ. Оның айтуынша, қазіргі таңда аталмыш қалада 400-ге жуық қазақстандық студенттер білім алуда.

Соңғы жаңалықтар