12:44, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қытайдың солтүстігінде 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытай сейсмологиялық орталығынан хабарлады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 12:22 (07:22 мск) тіркелді. Ошағы Қытай мен Ресей шекарасы маңындағы Муданьцзян қалалық округінің Линькоу уезінде 580 км тереңдікте болды. Бұрын АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 5,7 құрағанын хабарлаған еді. Жапа шеккендер және ғимараттардың қирауы туралы деректер түскен жоқ, деп хабарлады ТАСС.