Қытайдың солтүстігінде қаруланған 11 есірткі сатушы қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігінде орналасқан Хэбей провинциясында есірткі сатумен айналысты деген 11 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Синьхуа. 

Қытайдың солтүстігінде қаруланған 11 есірткі сатушы қолға түсті

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, күдіктілерден 2,4 келі метамфетамин, 2 мың «магу» таблеткасы, 40 грамм героин және 8 тапанша мен 400 оқ тәркіленген.

Өткен жылы ұсталған екі нашақор есірткі сатушылардың ізін көрсетіп, қылмыскерлер тұтқындалған болатын. Қылмыстық топтың мүшелері жылдың соңында түгелдей қолға түсті.