Қытайдың солтүстігінде мыңдаған адам суға уланды
АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігінде 4 мыңнан астам адам лас ауыз суға уланып отыр. «Чайна дейли» газетінің ақпараты бойынша, алғашқы уланғандар ауруханаларға шілденің 23-інде түсе бастаған,
деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Ауруханаға түскендердің барлығының дене қызуы көтерілген, лоқсу және іш өту белгілері тіркелген. Олардың барлығына тегін медициналық көмек көрсетілуде.