19:45, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Қытайдың солтүстік-батысында болған сел тасқыны құрбандарының саны 1,1 мың адамнан асты
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында сенбі күні болған сел тасқыны құрбандарының саны 1117 адамға жетті, 627 жергілікті тұрғын әлі табылған жоқ, деп хабарлады РИА «Жаңалықтар» агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұрынырақ қаза тапқан 702 адам мен із-түзсіз жоғалған 1042 адам туралы хабарланған болатын.