Қытайдың солтүстік-батысындағы нөсерлі жаңбыр құрбандарының саны 37-ге жетті

Бүгін Синьхуа агенттігі мәлім еткендей, із-түзсіз жоғалған 19 адамды іздеу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Билік өкілдері 30 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Провинцияның бюджетінен табиғи апатпен күресуге 2 млн. юань (317,5 мың доллар) бөлінді.
Әсіресе, бейсенбі күні бұршақ аралас нөсер жауып өткен Динси қаласына жақын жердегі Миньсянь уезі қатты зардап шекті. Апат аймағында 450 мың адам тұратын 18 елді мекеннің 17-і қалды. Ол жерде энергиямен қамту жүйесі мен телекоммуникация желісі істен шықты. Тұрғын үйлер мен мектептер, ауруханалар зардап шекті, екі тас жолды су шайып кетті, 3,9 мың гектар егіс алқабы жойылды.
Синоптиктердің болжауынша, Қытайдың солтүстік-батысын жаңа нөсерлі жаңбырлар мен құйынды дауылдар күтіп тұр.