Қытайдың Солтүстік Шығыс жағалауына «Санба» атты аса күшті тайфун таяп қалды

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытайдың Солтүстік Шығыс жағалауына «Санба» атты күшті тайфун жақындап келеді.

Қытайдың Солтүстік Шығыс жағалауына «Санба» атты аса  күшті тайфун таяп қалды

ИТАР-ТАСС мәліметтеріне қарағанда, бүгін тиісті ескертуді қытайлық мемлекеттік метеорологиялық орталығы жасады.

 Тайфун сағатына 25 шақырым орташа жылдамдықпен солтүстік-батыс бағытында жапондық Окинава аралы жағынан қозғалып келеді. Таяу екі күнде метеорологтардың болжамы бойынша ол Хэйлунцзян және  Цзилинь провинцияларына келеді. Барша өңірде дауылды жел мен қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. «Санба» осы маусымдағы 16-шы тайфун.