Қытайдың солтүстік-шығысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин өлкесінде әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды. Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Қытайдың солтүстік-шығысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

«Цян-5» әскери жойғыш ұшағы Далянь қаласы маңындағы жүгері алқабына құлаған. Алдын ала болжам бойынша, ұшқыш ұшақтың халық тығыз қоныстанған ауданға құлауына жол бермеу үшін әуе кемесін тастап шығудан бас тартқан.