22:13, 10 Сәуір 2018 | GMT +6
Қытайдың Тарбағатай аймағында аламан бәйге өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң өлкесінің қазақтар мекендейтін Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дәстүрлі Алман бәйге және «Тау гүлі» фестивалі өтті, деп «ҚазАқпарат» ХАА қытайлық Тянь-Шань порталына сілтеме жасап.
Ат бәйгесіне жорға жарыс, ұшқыр аттар жарысы және аламан бәйге сияқты 5 топқа бөлініп, Іле-Қазақ автономиялық өлкесінің әр жерінен 160 тұлпар және 140 шабандоз қатысты.
Сондай-ақ, Аламан бәйге және «Тау гүлі» фестивалі аясында, Қытайға келген саяхатшылар Қазақ күресі, Көкпар тарту және басқа да ұлттық мәдени шараларды тамашалады.
Фото: news.ts.cn