15:02, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Қытайдың тау-кен зауытында улы газ жарылып, екі адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда тау-кен қазба зауытында улы газ жарылып, 2 адам қаза тапты. Тағы 6 жұмысшы уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды 24.kz.
Оқыс оқиға Қытайдың солтүстік-батысындағы Хайдун қаласында орналасқан ферроникель алынатын «Юаньшишань» кәсіпорнында болды. Қазір төтенше оқиға орнында құтқарушылар мен полицейлер жұмыстар атқаруда. Оқиғаның себеп-салдарын тергеу жүргізіліп жатыр.