Қытайдың Үрімші қаласында жарылыс орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Үрімші қаласындағы теміржол стансасында сейсенбі күні жарылыс орын алды, деп хабарлайды РИА Новости "Рейтер" агенттігіне сілтеме жасап.
Әзірге құрбан болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ. Қытай билігінің бағалауынша, бұл ауданда Бейжің террористік ұйым санатына жатқызатын «Шығыс Түркістан исламдық қозғалысы» әрекет етеді. Аталмыш топ бірнеше рет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы және елдің басқа да аудандарында болған наразылық акциялары мен терактілерді ұйымдастырғаны үшін жауапты деп саналған.