22:17, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қытайдың Янцзы өзенінде апатқа ұшыраған кеме су бетіне шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Янцзы өзенінде апатқа ұшырап, салдарынан 21 адам қаза тапқан кеме су бетіне шығарылды.
Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, тағы бір адам іздестірілуде, үш адам құтқарылған.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қаңтарда Қытайдың Цзянсу провинциясының аумағындағы Янцзы өзенінде 30 метрлік "Ваньшэньчжоу 67" (Wanshenzhou 67) кемесі суға кетіп, шамамен 20 шақты адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын. Кеме сынама рейсін жасау кезінде апатқа ұшыраған. Оның бұл әрекетіне рұқсат беретін тиісті құжаттар да болмаған. Буксир бортында қытай азаматтарынан басқа Сингапурдың төрт азаматы мен Жапония, Малайзия, Индонезия және Үндістан елдерінің азаматтары болған, деп хабарлайды ТАСС.