Қытайға аю табандарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Қытай шекарашылары Ресеймен шекарада 200-ден астам аю табандарын жасырын алып өтпек болған жүк көлігін ұстады.

Қытайға аю табандарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Утро.ру агенттігінің хабарлауынша, ресейлік көлік дөңгелектерге жасырылған контрабандалық заттарды рентген көмегімен шекарашылар анықтағаннан кейін тінтілген.

Айта кетерлігі, Қытайда аю табандарын сатуға шектеу қойылған. Дегенмен бұл тауарлардың заңсыз нарығы өте танымал. Өйткені аю табандары дәстүрлі қытай медицинасында қолданылады әрі жеңсік асы ретінде де сұранысқа ие.