Қытайға бет алған лайнер апатты түрде Жаңа Зеландияға қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайға бет алған China Southern Airlines компаниясының әуе лайнері қозғалтқыштағы қиындықтарға байланысты апатты түрде Жаңа Зеландияға қонды, деп хабарлады Radio New Zealand.
Ұшақ Жаңа Зеландиядан Қытайдың Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласына бағыт алған. Бортта 212 адам болды, деп жазды РИА Новости. Аспанға көтерілген әуе лайнеріне өзі ұшқан Окленд қаласындағы әуежайға қайта оралуына тура келді. Ұшақ сәтті қонды және ешкім зардап шеккен жоқ.