Қытайға экспортталатын балық өнімдерінің көлемі өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жоғары талаптарға сай келетін балық өңдеу кәсіпорындары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайға экспортталатын балық өнімдерінің көлемі өседі

«Қазір 72 балық өңдеу кәсіпорны жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 17 кәсіпорын жоғары талаптарға сай келеді және балық өнімдерін Еуропалық одақ елдеріне экспорттау құқығын алды. Сонымен қатар қосымша тағы 14 қазақстандық кәсіпорын осындай экспорт құқығын алуға өтінім берді», - деді С. Брекешев.

Осы орайда ол Қытай бағытындағы экспортқа тоқталды.

«Экспорт нарығын кеңейту мақсатында Қазақстан мен Қытай арасында ветеринариялық сертификат келісілді. Бұл тұрғыда Қытай тізіліміне 64 қазақстандық кәсіпорын енгізілді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан 25 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.

Балықты заңсыз аулағандар 15 тәулікке қамалуы мүмкін.