Қытайға заңсыз алтын тасымалдайтын қылмыстық топ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңсыз өндірілген алтынды контрабандалық жолмен Қытайға шығаратын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қытайға заңсыз алтын тасымалдайтын қылмыстық топ ұсталды

Қазақстан Республикасы ҰҚК ұзақ уақыт бойы заңсыз өндірілген алтынды контрабандалық жолмен Қытайға шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.
null 

"Алматы, Астана және Степногорск қалаларында арнайы операция жүргізу барысында топ мүшелері, оның ішінде  Қытайдың 1 азаматы ұсталды. «Алтынкөл» станциясында жалпы салмағы 106 тонна алтынды кені бар 2 вагон анықталды. Олардан жалған құжаттама алынды.
null 

Алтын кенін сақтау және қайта өңдеу үшін пайдаланған қойма үй-жайларына тінту іс-шаралары жүргізілді. Алтынды зерттейтін заңсыз зертхана табылды", - делінген баспасөз парағында. 
null 

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сараптама тағайындалды. 
null