Қытайға жойқын тайфун жақындап келеді
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - «Кетсана» тропикалық дауылы тайфунға дейін ұласты. Енді Қытайдғы ауа райы бұзылмақшы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
«Кетсана» дауылы бұған дейін Филиппинде ойран салған болатын. Су тасқынынан мұнда ондаған адам қаза тапты, көпшілігі хабар-ошарсыз жоғалды. Алты сағат ішінде елде айлық жауын-шашынның нормасы жауды. Филиппин үкіметі төтенше жағдай жариялады. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Қазір табиғат апаты Қытайдың Хайнань провинциясына қауіп төндіруде. Үкімет алдын алу шараларын қолдануда.