Қытайлар Обаманы сотқа бермек

Қытай компаниясы өкілдері Барак Обаманың бұл шешімін АҚШ конституциясына сәйкес еместігін айтады. Бұл жөнінде The Financial Times басылымына сілтеме жасап, «Алаш айнасы» хабарлады.
Ralls Corp компаниясы «Обама осы жобаға шектеу қоюда өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, шектен шықты» деп отыр. Осыған дейін дәл осындай мәселемен ешкім де АҚШ мемлекеті басшысымен соттасып көрмеген. Жел электр стансылары АҚШ әскери базасы маңына салынуы осы шектеуге мұрындық болып отырғанға ұқсайды. Ralls Corp шектеу қою туралы шешімнің күшінің жойылуын немесе мемлекет компания шығындарын өтеп бергенін қалайды. Енді компанияға барлық құрал-жабдықты, электр стансысы тұрған жердегі құрылғыларды 14 күннің ішінде сатып үлгеруі керек, ал жер телімін сатуға 90 күн беріліп отыр. Оның үстіне компанияның шығыны 10 миллион доллардан асып кеткен. Қытайлықтар жуырда «он миллиондық» электр стансысын ешкім де жаппайтын мекенге көшірмек. Ал АҚШ-тың шетел инвестициясы комитеті алдағы уақытта тағы да екі қытайлық компанияның жұмысы тоқтайтынын айтады. Дәл қазір Cnooc мұнай компаниясы мен Канаданың Nexe компаниялары арасында 15 миллиард долларлық келісім жүргізілуде. Сонымен қатар Wanxiang фирмасы Массачусетстағы А123 батареяларын өңдейтін кәсіпорынға инвестор болмақ. Бұл екі жобаның соңғысы АҚШ тарапынан қолдау тауып үлгерді.