Қытайлар оңтүстіктен шығатын балға қызығушылық танытуда

Атап айтқанда, Мақтарал ауданындағы шаруа Тіллә Қалдарбекова «Ырыс» микро кредиттік ұйымынан 4,5 миллион теңге несие алып, бал арасын бағатын орын дайындаған. Мұндағы мамандардың сөзінше аралардың бір ұяшығынан жылына 40 литр бал алуға болады. Қожалық бүгінде мұндағы 300 ұяшықтан жылына 15 тоннаға жуық бал алуда екен.
«Аралар суыққа төзбейді. Біздің ауданның ауа-райы басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда жылы әрі мұндағы жауын-шашынның аз болуы - бал араны бағуға өте қолайлы. Сондай-ақ, кермек, жантақ, жыңғыл, мақтаның гүлінен аралар нәр алады. Ондай өсімдіктер мұнда өте көп», - дейді Марат Мұратов.
Шаруа қожалығы мамандары бал араның өніміне деген сұраныс өте жоғары екенін айтады. Дайын өнімді Мақтаралдың мектептері мен балабақшалары-ақ толықтай сатып алады екен. Өнімнің литрі - 1 000 теңге тұрады. Сондай-ақ, «Техас балы» қауымдастығы да осы шаруашылықтың балын жиі сатып алады.
«Бір ұяда бір аналық ара, бірнеше жүз аталық ара және 100 мыңға дейін жұмысшы ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2-3 мың, маусымына 200 мыңға жуық ұрықтандырылған жұмыртқа салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек аралар шығады» - дейді Марат Мұратов.