Қытайлық 13 жылдан бері басына зілдей тас қойып, велосипедпен зырғытып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жасы 50-ден асқан Чжан Сюньму атты адам тұрады. Бір қызығы, ол күнде таңғы сағат төртте оянып, велосипедіне отырады екен.

 Қытайлық 13 жылдан бері басына зілдей тас қойып, велосипедпен зырғытып жүр

Жәй ғана отырмайды. Салауатты өмір салтын ұстанған қытайлық басына бірнеше ондаған келі болатын ауыр тастарды қойып алып, серуенге шығады, деп хабарлайды 24.kz. Ол мұндай ерекше серуенге шығып тұруды сонау 2002 жылы бастаған. Сол кезден бері өткен 13 жыл ішінде Чжан басына қоятын тастар салмағын көбейтпесе азайтпапты. Бұдан әуесқой велосипедшінің денсаулығы нығая түскен, деп жазады cri.cn.

Фото: http://russian.cri.cn/