Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайлық 15 мың ас таяқшасынан ежелгі ғибадатхананың көшірмесін жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хэбэй провинциясының Чжан Цзымин атты тұрғыны 15 мың ас таяқшасынан ежелгі ғибадатхананың шағын көшірмесін құрастырды.

Қытайлық 15 мың ас таяқшасынан ежелгі ғибадатхананың көшірмесін жасады

Оның жұмысы New China TV арнасының YouTube-тегі парақшасындағы видеотаспасында көрсетілген.

Көп еңбекті талап ететін бұл жұмысқа ер кісі төрт жыл уақытын жұмсаған. Чжан Цзымин еңбегінің тағы бір ерекшелігі - ол құрастыру барысында желімді де, ағашқа арналған арнайы лакты да пайдаланбаған.