Қытайлық 600 градустық пешке түсіп, аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгтық әйел 10 қыркүйек күні Даосис ғибадатхананың 600 градустық үлкен ыстық пешіне құлап, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық 600 градустық пешке түсіп, аман қалды

null
Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына  4 минутта жеткен құтқарушылар әйелді аман алып қалған. Өрт сөндіру машинасы сумен пештің температурасын төмендетіп, үш құтқарушы әйелді пештің ішіне кіріп алып шыққан.

Құтқару жұмыстары небәрі 3 минутта жүргізілгенімен, әйел қатты күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сондай-ақ, үш құтқарушы да түрлі деңгейде күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
null 

Жергілікті полицияның айтуынша, әйел өз-өзіне қол жұмсамақшы болуы мүмкін.

Айта кетейік, Қытайдың Даосистік нанымы бойынша, дүниеден өткен адамдардың туыстары ғибадатхананың  арнайы пеші «Хуа Баулу (化宝炉)» арқылы тасаттық береді.