Қытайлық адам мәшине үшін 700 килә шақа берді

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Қытайда құны 22 мың АҚШ доллары (150 мың юань) болатын жаңа автомобильді сатып алушы адам сауда кезінде ұсақ тиындармен есеп айырысқан. Мәшинеге төлем жасау үшін 700 киләға жуық шақа жұмсалған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Ұсақ шақалардан тұратын 150 мың юанды санауға дилерлік орталықтың 100 қызметкері төрт сағаттан астам уақыттарын жұмсады. 20 пластикалық контейнерге салынған қажетті соманы жеткізу үшін сатып алушы шағын автобусты жалдаған. Сатып алушы Лоха қаласындағы мейрамхананың иесі Ли деген біреу болып шықты.

Соңғы жаңалықтар