Қытайлық ару 99 iPhone сыйға тартқан сүйіктісіне тұрмысқа шықпады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық жас жігіт жаңа iPhone кез келген арудың жүрегін жаулап алатынына сенімді еді. Ол қызына 99 айфон сыйға тартты. Бірақ жағдай жігіт ойлағандай болмай шықты.

Қытайлық ару 99 iPhone сыйға тартқан сүйіктісіне тұрмысқа шықпады

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, қытайлық Гуанчжоу провинциясының програмисті отбасын құруға шешім қабылдап, сүйіктісінің жауабын алуға әзірленеді, ол ойын бүгін, 11 қарашада, ҚХР-да аталып өтіп жатқан Жалғыздық күні іске асырмақшы болады. Ол ұнатқан қызы «иә» деп жауап беретініне, бұл күнді жалғыз қарсы алмайтынына сенімді болған.

Қыздың қолын сұрауға жігіт ерекше дайындық жүргізді. Ол 99 iPhone 6 смартфон сатып алып, оны жүрек пішімінде жинады. Өзі «айфон» жүректің ортасына тұрып, сүйіктісін күтті. Бойжеткен жігітінің осынша смартфон сыйлаған көңілін, жүректі жарып шыққан сезімге толы лебізін жайбарақат қабылдады. Жігіт сөзін аяқтағанда, ол «жоқ» деп жауап беріп, кетіп қалған.

Осынша смартфонды оның енді қайда жіберетіні белгісіз. Жігіт оны 82 000 долларға сатып алған. Бұл - оның 2 жылдық жалақысы.