Қытайлық әскерилер суперкомпьютер жасап шығарды

АСТАНА. Қазанның 29-ы.  ҚазАқпарат -  Қытайда   аса  жедел    суперкомпьютер   пайда  болды.  Оны Қытай Халық  Республикасының   Ғылыми- техникалық университетінде  жасап шығарды.  

Қытайлық  әскерилер суперкомпьютер  жасап шығарды

  Жаңа машинаның   жылдамдығы соншалық,   ол секундына 120 миллиард  операция    жасайды,  деп   хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.

Қытай    осындай  компьютері  бар  әлемдегі екінші ел  атанып  отыр.  KD-50-I деген  атауға ие  болған  жаңа компьютер Loongson 2F   процессорының  негізінде  жасалды.  KD-50-I   компьютері    химия,   география,  авиация  және  физика салаларындағы зерттеулерде  және жоғары  технологиялық жобаларда     қолданылатын  болады.

Әлемдегі  бірінші суперкомпьютер -  Transmeta Crusoe процессорларының  негізінде жасалған   техника   2002  жылы   АҚШ-тың Лос-Аламос  ұлттық   зертханасында  таныстырылған  болатын.