Қытайлық әйел 10 жыл бойы денесіндегі инелермен өмір сүрген
Әйел адам рентгеннің арқасында оның түрлі органдарында қарапайым іс тігетін инелердің бар екенін енді ғана білді. Дәрігерлер оларды өкпе, бауыр мен аяқтағы буындардан және бірнеше ішкі органдардан анықтаған.
Сонымен бірге, олар бірнеше иненің әйелдің жүрегінен небәрі үш см алыста орналасқанын анықтады, деп хабарлады ТСН.
Медицина қызметкерлері инелердің көбін алып шығу оп-оңай дейді. Алайда жүрек тұсы, сонымен бірге, бүйрек пен өкпе маңындағы инелерді алып тастау үшін күрделі оталар жасау керек деп отыр. Инелерді жоюды қытайлық дәрігерлер 28 мың долларға бағалап отыр.
Науқас ауылда тұрады, фермадағы малды бағады. Сондықтан да оның мұндай ақшасы жоқ. Алайда ол отаға қажетті соманы жинаудан үмітті.
«Бұрынғы күйеуім мені жиі ұратын. 2002 жылы мен одан кетіп қалып, ата-анаммен тұра бастадым. Әке-шешем үйде болмаған күні оның келіп мені қатты ұрғаны соншалық, мен есімнен танып қалдым. Ата-анам үйге қайтып келгенде бұрынғы күйеуім қашып кеткен. Ал менің жанымнан олар бір уыс ине тапқан. Инелердің менің денеме сұққан сол болуы керек», - деп күдіктенеді науқас.