Қытайлық әйел 40 жыл бойы басында оқ барын сезбей келген - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 62 жастағы Чжао есімді қытайлық азаматша созылмалы тұмаудан көп жылдар бойы бейнет көріп келген. Мүмкін қарт әйел бұған көнген болар еді, бірақ соңғы кездері оның басы жиі ауыратын болғандықтан, дәрігерлерге көрінген. Рентгенге басын түсіріп алған дәрігерлер өз көздеріне өздері сенбей қалған. Қытайлық әйелге дереу ота жасалды.
None
None

Mirror басылымының хабарлауынша, дәрігерлер науқастың мұрны астынан оқ алып шыққан.

«Басындағы оқпен жарты ғасырға жуық уақыт бойы қалай өмір сүріп келдіңіз?» деген сауалға ол жауап айтуға қиналған. Себебі ол оқ тиген кезді тіпті сезбей қалған болса керек.

Қытайлық тілшілердің жазуынша, Чжао 14 жасында болған кезде оның шекесінен қатты соққы тиген. Басына тас түсіп, жарақаттаған шығар деген оймен ол бұл оқиғаны ұмытып кеткен. Тағы бір болжам бойынша, оған қаңғыған оқ тиген. Бірақ оны бұл қатты мазаламағандықтан, дәрігерлерге баруды ойламаған.

Соңғы жаңалықтар